Бүгін «AMANAT» партиясының жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті.
Күн тәртібінде Республикалық қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Шымкент қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы және партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы», сонымен бірге «Партияның Шымкент қалалық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы» мәселелер қаралды.
Осы мақсатта Шымкентке арнайы іс-сапармен «AMANAT» партиясы партиялық бақылау департаментінің инспекторлары Венера Есілбаева және Жандос Дәуреханов жиынға қатысты. Сонымен қатар, мәжіліске қаладағы құқық қорғау органдарының басшылары мен қалалық және аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі төрағалар мен мәслихат депутаттары қатысты.
Жиында Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша 2021 – 2022 жылдар аралығындағы атқарған жұмыстары туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаев баяндама жасады.
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін нақты атап өткен болатын. Осы ретте кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылға ерекше көңіл бөліп, билік өкілдеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Жалпы, жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс, сонда ғана біз алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізетініміз анық.