Шымкентке іс-сапармен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық –демография саясаты ұлттық комиссиясының мүшесі, ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы,ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі Нәзипа Ыдырысқызы Шанаи келді.
ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі Үкіметтің «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарында көрсетілгендей, әр бір өңірде отбасыларға көмек пен қолдау көрсетілетін Орталықтардың ашылуы жөнінде тиісті тапсырмалардың орындалуы бойынша бірқатар жұмыстармен танысты.
Нәзипа Ыдырысқызы бастаған топ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» мекемесіне барып, ондағы көп балалы аналарға, орталық арқылы көрсетілетін қызметтермен танысты.
Жалпы, орталықта түрлі бағыттар бойынша оқу курстары бар. Атап айтқанда, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларын үйретеді. Жыл басынан бері 7 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілді, яғни психологиялық, құқықтық кеңес береді.
Іс-сапар бағыты зейнеткерлерге қолдау көрсету мақсатында ашылған «Белсенді өмір сүру орталығында» жалғасты. Онда Шымкенттегі зейнеткерлерге арналған сауықтыру бағыттары емдік массаж , психологиялық тренингтер, спортпен шұғылдануына жасалған мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ, орталықта қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінген. Айта кетсек, орталық күніне 4 сағат ақысыз жартылай стационарлық жағдайында және жалғызілікті қарттарға 8 сағаттық медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Былтырғы жылы қалада осындай орталықтың тағы бір ғимараты ашылып, ол жақта да зейнет жасқа жеткен азаматтарға түрлі сауықтыру қызметтері көрсетіледі.
Содан соң, былтыр ғана ашылған ««TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының тынысымен танысу жұмыстары жалғасты.