Аталған статистиканы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев 2022 жылдың 5 айында Департаментпен атқарылған жұмыстарды қорытындылау барысында хабарлады.
«Мемлекеттік сатып алу мониторингі арқылы бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау Департаменттің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Нәтижесінде жекелеген мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар бұрынғысынша өткізілетін сатып алу сомасын едәуір арттыратынын көрсетуде» — деді спикер.
Департамент 5 айдың қорытындысымен 3,6 млрд. теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды.
Сонымен қатар, спикер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру құқығы берілгендігінен хабардар етті.
Оның айтуынша жыл басынан Департаментпен 6 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдардың жалпы сомасы – 1 807 170 теңгені құраған.
Ж.Жұмабаевтың айтуынша, салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны денсаулық сақтау саласында – 24 және құқық қорғау блогында – 24 тіркелген.
«Бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізіліп, ұжымдарда қаралуда. Қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға 9 ұсыну енгізіліп, бүгінгі күнге оның 7-і қаралды. Тәртіптік жауапкершілікке 8 лауазымды тұлға тартылды» — деді Ж.Жұмабаев.