13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЖЕТІСАЙЛЫҚ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ ТАРАТЫЛДЫ

8 июня, 2020
in Қоғам
0
ЖЕТІСАЙЛЫҚ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ ТАРАТЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданында жалпы саны 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Олардың 1167-сі 18 жасқа дейінгі жастар. Олардың 340-ы Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінен алынған. Буыны бекімей жатып мүгедектіктің қамытын киген бүлдіршіндер «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Балдәурен» орталығында» үздіксіз ем қабылдайды. Оларға онда барлық жағдай жасалған.

Бүлдіршіндердің мүмкіндігі шектеулі болса да өмірге деген құлшыныстары жоғары. Аудандағы емдеу орталығында бүлдіршіндердің денсаулығын түзету үшін барлық жағдай жасалған. Оларды өмірге бейімдеу үшін білікті мамандар көмектеседі. Орталық қажетті жаттығу құрылғыларымен  жабдықталған. Балдаурегне бас сұққан Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов жастарға тарту-таралғы жасады.

 

Кәсіпорын және қоғамдық ұйымдар да әрдайым қайрымдылық көмектерін көрсетіп тұрады.  «Өмірдің сынына ұшырап, тағдырдың тауқыметін татып отырған бүлдіршіндеріміздің бақытты күлкісін, қуанышты жүздерін көруден, соған мүмкіндік жасаудан артық бақыт жоқ шығар біз үшін»,- деген аудан басшысы қайырымдылық шарасына ат салысып жүрген кәсіпкерлерге алғыс хат табыстады.Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алған «Қамқорлық» бағдарламасы аясында   ірі компания өкілдері мен шифер зауыты жетісайлық 150 отбасыға химиялық тұтыну заттарын топтастырылған 1 млн 700 мың теңгенің азық-түлік себеттерін үлестірген болатын.  Бұл жолғы  қайырымдылық шарасынада  3 млн  740 мың теңге қаражат  жиналыпты.

 

Ақпарат: shymkenttv.kz

Previous Post

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі