13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қаратау ауданының әкімі тұрғындармен кездесті

8 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Қаратау ауданының әкімі тұрғындармен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов аудандағы көп қабатты үй комитеттерінің төрағаларымен, тұрғындармен жүздесті. Күн тәртібіндегі жалғыз тақырып – көп қабатты үйлерді басқару түріне өту.

Жиынға аудан әкімімен қоса қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров та қатысты. Жауапты мамандардың айтуынша, 2022 жылдың шілдесінен бастап бұрынғы пәтер иелерінің кооперативі жұмысын тоқтатып, оның орнына үй басқару толық пәтер иелерінің қолына өтеді. Ол үшін тұрғындар пәтер иелерінің бірлестігі (ПИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) формасын таңдаулары тиіс.

– Ол үшін көп қабатты үй тұрғындарының кемінде 10 пайызы жиналып, белсенді топ құрады. Одан кейін жалпы жиналыс өткізіп, оған сол үйдегі тұрғындар қатысуы тиіс. Сол жерде нысанды басқарудың пәтер иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік секілді екі түрінің бірі таңдалып, хаттама түзіледі. Егер пәтер иелерінің бірлестігі болса, онда заңды тұлға ретінде әділет органында тіркеледі, ал жай серіктестік жеке тұлға ретінде қызмет етеді. Ол үшін сол тұлғаға барлық тұрғын сенім білдіруі тиіс, – деді аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов.

Жиында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров та сөз алып, жаңа басқару жүйесі бойынша тұрғындар өз пәтерлерінің шаршы метріне байланысты қаржы жинайтынын, ол қаржы үйді залалсыздандыру, коммуналды жүйені күтіп-ұстау секілді жұмыстарға жұмсалатынан, оның барысын тұрғындар бақылай алатынын жеткізді.

Бұдан кейін тұрғындар мен үй комитеттерінің төрағалары сұрақ қойып, пікір алмасты.

Previous Post

Шымкент: Определены 13 мест, где запрещено купаться

Next Post

Аким Каратауского района встретился с жителями

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі