13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Ордабасылық оқушы саңырауқұлақ өсіріп, кәсібін бастады

10 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Ордабасылық оқушы саңырауқұлақ өсіріп, кәсібін бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шықты.

Еңбекқор жас бұл өнім түрін өсіруді әлеуметтік желі арқылы үйреніп, қызығушылығы артқан.

Баласының кәсіпкерлікке деген ұмтылысын байқаған анасы оны Төрткөл ауылдық округінде аталған кәсіппен айналысатын Қаршыға Арысбекқызына тәжірибе алмасуға алып барған. 37 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келе жатқан кәсіпкер талабы таудай жасқа өз білгенін үйреткен.

Осылайша өзіне керекті ақпарат алған Дінмұхамед саңырауқұлақ өсіруге кірісіп, нәтижесінде 25 күнде дайын өнім алған.

— Әу баста 50 мың теңгеге саңырауқұлақ ұрығын, 10 мың теңгеге қауыз сатып алдым. Ал су, газ шығындарына жобамен 10 мың теңгедей қаржы жұмсалды.

Арнайы бөлме ішіне еккен ұрықтардан 63 блок (мешочек) өнім шыкты. Дайын өнімнің бір келісін 1000 теңгеден сатылымға шығарудамыз. Бір блоктағы саңырауқұлақ 20 күнде пісіп, 2- 4 келіге дейін өнім аламыз. Негізінде бір блок 4 рет таза өнім береді. Оның алғашқы 3 өнімі сатылымға шығарылса, соңғысы консервіге жабылады, — дейді жас агроном.

Алдағы күндері бала агроном мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алу арқылы үйіргелік жеріндегі кәсібін дамытуды көздеп отыр. Саңырауқұлақ өсіріп, кәсібін бастаған Ордабасылық оқушы осылайша өзгелерге үлгі болып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Жыл басынан бері 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды

Next Post

Түркістан: Сапалы интернет шалғай аудандарға жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі