13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Астана операның» жазғы гастролдік сапары өтті

9 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Астана операның» жазғы гастролдік сапары өтті
Share on FacebookShare on Twitter

4-5 маусым күндері «Астана Опера» театрының балет труппасы Түркістанға гастролдік сапармен келіп, қойылымдарын ұсынды. Ұлы өнерді түсінетін және қадірлейтін бұл қала Түркі әлемінің бесігі, еліміздің рухани-тарихи орталығы саналады. Сондықтан «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова ерекше бағдарлама әзірлеп әкелген екен. Өнер кешіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, өнерпаздардың шығармашылығына қолдау көрсетті.

Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында XX ғасыр жауһары – Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына қойылған танымал хореограф М.Фокиннің «Шехеразада» балеті ұсынылды. Спектакльдің сценографиясын театр саласындағы жарқын суретшілердің бірі Л.Бакст жасаған. Бұл ертегіде қызықты пантомима, актерлік түрленулер көп, ол кордебалет пен солистерге ойын аламанына енуге жағдай жасайды, сондай-ақ қонақтарға да, әртістерге де шығыстың жұмбақ атмосферасына шомуға мүмкіндік береді.

– Бұл – театр ұжымының Түркістанға алғаш келуі. Заманауи түрленген қаланы көргеніме қуаныштымын. Театры да жаңа. Гастроль болған соң, ең жақсысын көрсеткің келеді. Біз бірнеше классикалық туындыны біріктіріп алып келдік. Көпшілікке ұнайды деген ойдамын. Өйткені әртістеріміздің кәсіби шеберлігі өте жоғары. Түркістан халқына алғыс білдіремін, – деді балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова.

Өнер кешінде Патрик де Бананың «Дала үні» балетінен үзінділер, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің музыкасына әзірленген «Қилы заман» нөмірі де енді.

Түркістан жұртшылығы елордалық өнер ұжымының шеберлігін жоғар бағалап, ризашылықтарын білдірді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Туристический и инвестиционный потенциал Шымкента презентуют в Катаре

Next Post

«Túrkіstan BAQ — 2022» шығармашылық байқауы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі