13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай іс-шара өтті

9 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай іс-шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Рәміздер керуені Түркістанға жетті.

ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен бір ай бұрын бастау алған «Рәміздер керуені» республикалық шарасы бүгін қорытындыланды.

Керуеннің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында елдігіміздің нышаны – рәміздерді ұлықтап, құндылығын насихаттау.

Аталған керуеннің талаптары мен өз заңдылықтары болды.

Керуенді қабылдап алған өңір қорапшадағы кітапшада көрсетілген арнайы өзіне тиесілі бетке «Рәміздер керуенін» қабылдап алғаны бойынша жастардың фотосын қойып, кітаптың екінші бетіне рәміздердің 30 жылдығына орай, арнау өлеңдерін жазып жолдайды.

Керуен еліміздің Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс аймақтарындағы қалаларға жетіп, бүгін Түркістанға оралды.

Алдағы уақытта осы қорапшадағы рәміздерді «Ұлы Дала Елі» музейіне қою жоспарлануда.

Ашық аспан астында өткен шарада түркістандық жастар

республика бойынша күндізгі сағат 10-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін өзге аймақтармен бір мезетте бірге орындады.

Атап өтейік, ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай, жастардың ұйымдастырған екі күндік шарасында «Мен туымды мақтан етемін» автошеруі де өткен болатын. Оған облыстағы 17 аудан-қаланың Жастар орталықтары қатысты. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» ақциясы өтті

Next Post

Түркістанда алғаш рет «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясы өткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі