13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда халықаралық геологиялық форум өтіп жатыр

9 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда халықаралық геологиялық форум өтіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында «Қазақстанның карбонатты бассейндері және оған іргелес аумақтар» атты халықаралық геологиялық форумы өтіп жатыр. Оған Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Израиль, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның геологтары, геофизиктері, мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу институттарының, мұнай саласының өкілдері қатысты. Форумның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай Түркістан облысын дамыту барысы туралы баяндап, аталған жиынның маңызды екенін атап өтті.

Форумды «Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Балтабек Қуандықов жүргізіп отырды. Ол Түркістан өңіріндегі өзгерістерге жоғары бағасын беріп, геология саласындағы бұл жиынның маңызды екенін айтты. «Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен форумда маңызды баяндамалар жасалып, идеялар ұсынылды. Елдің экономикасы даму үшін геологиялық зерттеулер, табиғи байлықты заман талабына сай игеру қажет екені баяндалды.

Іскерлік жиынға салалық министрліктер, Түркістан облысы әкімдігі, ұлттық және шетелдік компаниялардың басшылары, сондай-ақ жетекші мекемелер мен кәсіпорындардың сарапшылары, геологтары мен геофизиктері қатысты. Қатысушылардың баяндамалары геологиялық барлаудағы инновациялық шешімдерді анықтау мен карбонатты кен орындарының (рифтердің) геологиясын зерттеудің заманауи әдістеріне арналды. Сонымен бірге мұнай-газ әлеуетінің перспективалары да сөз болды. Карбонатты кен орындарындағы мұнай және газ кен орындарын пайдаланудағы соңғы технологиялар да таныстырылды.

Іскерлік бағдарламадан бөлек қатысушылар Қаратау сілемдеріне геологиялық экспедицияға шығады. Онда девон-карбон дәуірінің органогендік құрылымдары, Каспий маңы ойпатының алып кен орындары су қоймаларының аналогтары көрсетіледі. Мұндай ауқымды экспедиция Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Оған әр түрлі аймақтар мен компаниялардан 150-ге жуық геолог қатысуда.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысыхалықаралық геологиялық форум
Previous Post

Түркістан: ҚР рәміздерінің 30 жылдығы таңбалы тас маңында ерекше аталып өтті

Next Post

Түркістан: Мақтааралда балық аулаудан республикалық жарыс өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі