13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда IV республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды

9 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда IV республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқау төртінші жыл қатарынан еліміздің түкпір-түкпірінен ең батыл, қамқор әрі мейірімді жандарды анықтап келеді. Байқауға қатысушылар еселі еңбегімен, игі істерімен отансүйгіштік қасиетін танытқан әрі мұқтаж жандарға әрдайым көмек көрсетуге дайын шын жанашыр адамдар.

Марапаттау рәсіміне Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы мен Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева қатысты.

«Түркістан – ұлтымыздың өшпес рухани құндылықтарын 1500 жылдан астам уақыт бойы сақтап келе жатқан өлке. «Қайырымдылық керуені» байқауының ақтық сайысының дәл осы жерде өткізілуі тегін емес. Себебі, біздің дәстүрлі байқауымыз адамгершілікті, мейірімділікті ұлықтайды. Жыл сайын «Қайырымдылық керуені» байқауы еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам қайырымды әрі батыл жандарды анықтайды», — деді Әлкей Марғұланұлы.

Салтанатты іс-шара барысында жеңімпаздар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарға мейірім» сынды жеті номинация бойынша медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, шарада Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының өнерпаздары өнер көрсетті.

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Қайырымдылық керуені»Түркістан облысы
Previous Post

Шымкент: Әл-Фараби ауданында 30 көшеге асфальт төселеді

Next Post

Түркістанда «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі