13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістанда «Бақытты балалық шақ» байқауы өтті

9 июня, 2022
in Мәдениет
0
Түркістанда «Бақытты балалық шақ» байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында «Балалар жылына» орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Соның бірі – Open Air «Бақытты балалық шақ» асфальтқа және мольбертке сурет салу байқауы. «Оқушылар сарайында» өткен сайысқа жүзден аса жас қатысты.

Шараның ашылуында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов шығармашылыққа бейім жастардың ел руханиятын дамытуда алар орны ерекше екендігін, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстардың жандана түсетінін айтты.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі Омар Базарбайұлы, ХҚТУ-дің «Бейнелеу өнері» кафедрасының магистр- оқытушысы Нұржан Ержанұлы, сурет пәні мұғалімі Сейфулла Бахтиярұлы және «Оқушылар сарайы» Сурет үйірмесің жетекшісі Мұрат Нұрмағанбетұлы қазылық етіп, бағалады. Нәтижесінде төменде аталған өрендер жеңіске жетті:

Асфальтқа сурет салу:

І орын – № 27 Ө.Жәнібеков мектебі

ІІ орын – «Оқушылар сарайы»

ІІ орын – № 31 Абай мектебі

ІІІ орын – № 8 Н.Төреқұлов мектебі

ІІІ орын — № 18 Ж. Еділбаев мектебі

ІІІ орын — № 19 Төле би мектебі.

«Ерекше шығарма» номинациясымен № 10 Әл-Фараби мектебі,

«Қызықты шығармашылық шешім» номинациясымен А.Байтұрсынов атындағы №1 мектебі,

«Ұйымшыл ұжым» номинациясымен № 20 Р.Исетов мектебі,

«Ең жарқын көрініс» сыйлығын № 21 М.Пошанов мектебі,

«Позитивті көзқарас» сыйлығынӘмір-Темір атындағы №3 мектебі еншіледі. Мольбертке сурет салу бойынша

бірінші орынды Бақдәулет Арай (Б.Момышұлы атындағы № 22 мектебі)

еншіледі. Бұл байқау оқушыларға шабыт сыйлап, шығармашылыққа құлшыныстарын оятты.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзбалалар жылыТүркістан облысы
Previous Post

В Шымкенте отработана подготовка к отопительному сезону

Next Post

Өмірзақ Шөкеев сайрамдықтардың сауалдарына жауап берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі