13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Түркістан: Қазығұрт жұртшылығының өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды

9 июня, 2022
in Билік
0
Түркістан: Қазығұрт жұртшылығының өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданынында 700-ге жуық тұрғынға кезек бойынша үй салуға жер телімі беріледі. Қазіргі таңда жоспарлау, инфрақұрылымын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазығұрт ауданы тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Кездесуде облыс әкімі өңірді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Кездесуде тұрғындар үй салуға жер учаскесін беру, Алтынтөбе ауылдық округіндегі жер дауы, Шанақтағы жол мәселесі, Үшбұлақтағы ауыз су мәселесі, Қақпақ ауылындағы жол мәселесі, Қазығұрт ауылындағы ауыз су сапасын жақсарту мәселесін және өзге де өтініштер мен ұсыныстарын жеткізді. Өңір басшысы Қазығұрт ауылында 700-ге жуық жер учаскесі берілетінін, Алтынтөбедегі жер дауы да шешіліп, тұрғындарға өз жер телімдері қайтарылатынын, осы бағытта жұмыс жүріп жатқанын мәлімдеді. Шанақтағы жол мен Үшбұлақтағы ауыз су түйткілі де шешімін табады. Кездесуден кейін облыс әкімі бірнеше тұрғынды жеке мәселесі бойынша қабылдады.

2021 жылы Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі – 12,6 млрд. теңгені, инвестиция көлемі – 18,4 млрд. теңгені, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 10,4 млрд. теңгені құрады. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 170 гектар жерде 122 жоба іске асырылып, бірінші өнім жинау күтілуде. Былтыр 25 808 шаршы метр тұрғын үй берілді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 8 елді мекенде 26 жоба іске асырылды.

Талдыбұлақ елді мекені табиғи газбен қамтылды және Қазығұрт ауылындағы «Шығыс» мөлтек ауданына баратын табиғи газ жүйесінің құрылысы жүргізілді. Жаңабазар елді мекеніндегі мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, Заңғар, Сырлысай, Қарабастау, Тілектес елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылған. Жаңабазар, Қаржан елді мекендерінде 40,5 шақырымды құрайтын 20 көшеге асфальт төселген. Үш мектеп пайдалануға тапсырылды.

Қазығұрттағы іссапарында өңір басшысы ауданда ұйымдастырылған жергілікті тауарөндірушілердің көрмесін тамашалады. Ауыл шаруалары көкөніс, жеміс-жидек, сары май, қымыз және өзге де ауыл шаруашылығы тауарларын нарыққа шығарып отыр. Сонымен бірге «Бастау Бизнес» жобасы арқылы грант алып, бал, тәттілер өндіріп, аяқ киім, көрпе-төсек, сувенир, астау шығаратын кәсіпкерлер де бар. Облыс әкімі жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлермен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Мемлекеттің дамуы шағын кәсіпкерлікке байланысты екенін, осы салаға басымдық беріліп жатқанын жеткізді. Ерте пісетін көкөніс өсіруге ден қоюға шақырды. Ө.Шөкеев жаңадан ашылған ет комбинаты мен мал сою және өңдеу кәсіпорнының жұмысымен танысты. Ет экспортын көбейту қажеттігін айтты. Шаруалар мен кәсіпкерлер гранттарды көбейту, субсидия және өзге де мәселелерді көтерді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысыҚазығұрт ауданы
Previous Post

Түркістан: Шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде жиын өтті

Next Post

Түркістан: Кентауда «City Bike» іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі