13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының дәрігерлері мереке күні балаларға қуаныш сыйлады

9 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының дәрігерлері мереке күні балаларға қуаныш сыйлады
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты барлық медициналық мекемелерде балаларға ашық есік күні мен мерекелік іс-шаралар өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түркістан облысының педиатр, онколог, кардиохирург, кардиолог, сурдолог, хирург, уролог, нейрохирург, травматолог- ортопед, ЛОР дәрігері, эндокринолог, нефролог, невролог, сурдолог, офтальмолог, гастроэнтеролог, аллерголог психолог және логопед мамандары балаларға қабылдау жүргізді.

Іс-шараға қатысқан балалар негізінен педиатр, кардиолог,невролог, офтальмолог, ЛОР дәрігерлеріне көптеп қаралды. Балаларды жан-жақты тексеруден өткізген білікті мамандар қажетті ем-домдар жазып беріп, пайдалы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Бұл күні облыс бойынша жалпы 2 мыңға жуық бала қаралды. Мерекелік іс-шара барысында концерттік бағдарламалар жүргізіліп, сыйлықтар тарту етілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігінің кешенді жоспары бекітілген. Оның 3-бөлімінде балалардың және мүмкіндіктері шектеулі балалардың денсаулығын нығайту мен қорғау шараларын іске асыру жоспарланған. Балалардың денсаулығын жақсарту, мақсатында Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы балаларға арналған оңалту төсек орындарын көбейтуде. Қазіргі таңда 613 оңалту төсек-орны бар, соның ішінде  балаларға  арналған үш оңалту орталығы, бір шипажай мен екі «Қамқорлық» орталығы қызмет атқарып жатыр.

Tags: 1 маусым13kz13kz.kz13кзбалалар жылы
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев Туркиядан арнайы келген делегациямен кездесті

Next Post

Түркістан: Түлкібаста жазғы сауықтыру лагері ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі