13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

14 июня, 2020
in Қоғам
0
КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданында 75 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Халқының саны 80 мыңға жуықтаған шағалалы өңірде тазалық, көркейту-көгалдандыру басты назарға алынған. Оған қоса 1983 жылы салынған ескі кәріз жүйесі толықтай тазаланып қалпына келтірілуде.

Бүгінде 100 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. 37 жыл бұрын кеңес заманында қолданысқа берілген кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа жүйе іске қосылса қала тұрғындарының 35-40 пайызға жуығы кәріз жүйесін пайдалануға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде бюджеттің қаржысын үнемдеп, қосымша табыс табудың алғышарттары.Республикалық қазынадан қаралған 1 млрд 200 млн теңгеге салынып жатқан кәріз жүйесі сағатына 2 мың текше метр сарқынды су қабылдауға қауқарлы.Шведтік технологиямен жасалған жүйенің жұмысына бүгінде немқұрайлы қарайтындар да кездесуде. «Біз қазір мүмкіндігінше халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Себебі, тұрғындар арасында кәріз жүйесін пайдаланудың ережесін сақтай бермейтіндері көп.Ас- ауқаттың қалдығын төгіп, балалардың жөргектерінтастайтындар бар. Олар трубаларға тығылып, сарқынды су сыртқа тасиды дейді,- мамандар.Ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын жарамды күйде қалған ескі кәріз жүйесін тазалауда кездескен қиындықтардың тағы бірі – кезінде қала аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілгенде трубалардың біразы жеке тұрғын үй секторларының аумағында қалып қойған. Сарқынды су құдықшаларыескіріп, жарамсызкүйдеқалған. «Шардара сервис» мекемесі қызметкерлерінің табанды еңбегінің нәтижесінде жарамсыз жабдықтар толықауыстырылып, кемшіліктер жойылған.

М. Жорабай

Previous Post

ӨРГЕБАСТА ҚЫЗУ ҚҰРЫЛЫС

Next Post

БӘЙДІБЕКТЕ МАЛ АЗЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі