13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті

8 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің ұйытқы болуымен 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру. Сондай-ақ жасөспірімдерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. Игі шара шаһардағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Қайырымдылық шарасында ҚХА жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова бастаған аналар қауымы балаларға жүрекжарды тілегін айтып, мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. – «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген даналық сөз бар. Халықаралық балаларды қорғау күні – бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін күн. Бүлдіршіндердің жүзінен күлкі көру – біз үшін ерекше бақыт. Осы мақсатта игі бастаманы қолдап, бірқатар азаматтар бүгін салтанатты шараға қатысып, өз үлестерін қосты. Әр сәбиге бақытты балалық шақ тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, бейбіт заманда өмір сүре берейік, – деді Г.Тоққұлова. Мерекелік концертте әуезді ән шырқалып, мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында балалар алғыстарын айтып, ерекше көңіл күйде тарқасты.

Айта кетейік,  Премьер-Министр балалар жылына орай  ауылдық жерлерде спорт алаңдары мен балаларды дамыту орталықтары жабдықталуы тиіс.«Денсаулық сақтау министрлігі шалғай елді-мекендердегі балалардың денсаулық жағдайына скринингтік және стоматологиялық тексерулер жүргізу үшін жылжымалы медициналық пункттердің жұмысын ұйымдастыратын болады», деген болатын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

Next Post

Түркістан: Жетісайдың қауындары Ресей нарығына жол тартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі