13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті

8 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары рухына тағзым етілді. Оған ел ағалары мен ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков және қала тұрғындары қатысты. Шара аясында қоғам қайраткері, жазушы Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Бір минут үнсіздіктен соң, алаш арыстарының ғұмырынан сыр шерткен қойылым сахналанып, қуғын-сүргін құрбандарына жыр шумақтары оқылды.

Жиын соңында Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов сөз алып, «Елі, жері үшін жанын пида еткен арыстарымыздың ел тарихындағы орны ерекше. Қазіргі тыныш тіршілігіміз бен бейбіт өміріміздің де негізін қалаған осы азаматтар. Елім деп өткен ата-баба рухына құрмет көрсетіп, қадірлеу – азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз» деді.

Сонымен қатар Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 1937-1938 жылдары «Халық жауы» деген орынсыз тағылған айыптан қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтарды еске алуға арналған іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Нұрлан Байғұт, мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев бастаған зиялы қауым өкілдері мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысып, ел тарихы үшін бұл шараның бар маңыздылығын атап өтті.

Деректерге сүйенсек, Түлкібас ауданы бойынша 380 адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Жазықсыз жапа шеккендер 1993 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы Заңы аясында ақталған.

Іс-шара соңында «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға» арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, сол бір қиын-қыстау заманда қаза тапқан ата-бабалардың құрметіне 1 минуттық үнсіздік жарияланып, рухтарына құран бағышталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Мемлекеттік қызметтерді онлайн ал

Next Post

Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі