Бүгін Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқановтың төрағалығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар және осы саладағы өзекті мәселелер бойынша арнайы жиын өтті.
Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері қадағалау актілері бойынша 1740 кәсіпкердің құқықтары қорғалған. Сондай-ақ, 4 мыңнан астам бизнес субъектілерінің заңды мүддерлерін қорғау қамтамасыз етілген. Бизнес өкілдеріне қатысты заңсыз жүргізілген әкімшілік өндіріс прокуратураның араласуымен қысқартылған. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде мобильді топ құрылып, тұрақты жұмыс атқаруда.
Айта кетейік, жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, құқық қорғау органдары мен мүдделі басқармалардың басшылары және қала кәсіпкерлері қатысты.
Қорыта айтқанда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет» деген нақты міндетті жүктеді.
Жалпы еліміздің әр аймағында жеке кәсіппен айналысатын азаматтар Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгініп, туындаған мәселенің мән-жайын анықтауға тікелей көмек ала алады. Соны ішінде ірі мегаполис, шағын және орта бизнес субъектілері көп орналасқан Шымкент қаласындағы өңірлік кәсіпкерлер палатасы бар. Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері қадағалау актілері бойынша 1740 кәсіпкердің құқықтары қорғалған.