Бүгін Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы 2021-2022 оқу жылында өткізілген халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқауларда жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған мұғалімдерді «Құрмет» грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Мақсат – 2021-2022 оқу жылындағы мұғалімдер мен үздік ұстаздар еңбегін бағалау, оларға алғыс білдіру.
Іс-шараға 2021-2022 оқу жылында өткізілген халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқауларда жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған Түркістан облысының аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты жалпы білім беру ұйымдары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларын дайындаған мұғалімдер қатысты. Атап айтар болсақ,
Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика және математикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушының мұғалімі; Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жүлдегерін дайындаған 22 мұғалім;
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлерін дайындағын 8 мұғалім;
Республикалық оқулардың қорытынды кезеңінің жүлдегерлерін дайындаған 15 мұғалімге құрмет көрсетілді.
Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор.
Білім саласында қызмет етіп, ертеңгі елдің саналы ұрпағын тәрбиелеп жүрген әрбір педагогке халықтың айтар алғысы ұшан-теңіз.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі