13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Созақта мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер көпбалалы отбасыға үй сыйлады

8 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Созақта мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер көпбалалы отбасыға үй сыйлады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп – жарты ғасырдан астам тарихы бар көне білім ордасы. Биыл аталған мектептің 2002 жылғы, яғни 20 жыл бұрынғы түлектері игі істі қолға алды. Олар мұқтаж отбасыға үй сыйлады. Оқу ордасын бітірген соң әр тарапта жүрген түлектер бірлесіп, көпбалалы отбасыға үйдің кілтін табыс етті. Үйдің ішін қажетті жиһазбен қамтып, мұқтаж жанның алғысын арқалады. Игі шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков түлектерге алғысын жеткізді.

– Үлкен сауапты іс атқарған мектеп түлектеріне рахметімді жеткізгім келеді. Ауданымызда жақсы дәстүр жалғасып келеді. Бірнеше жылдан бері түлектердің мұқтаж отбасыға үй сыйлау үрдісі қалыптасты. Алдағы жылы да жалғасады деп сенемін,– деді аудан басшысы.

Созақ ауданының Құрметті азаматы, ауыл ақсақалы Төлеген Кәрібеков жылы лебізін жеткізді. Игі істің ұйытқысы болған Досымбек Әуелбеков сөз сөйлеп, сыныптас түлектермен ақылдаса келе баспанаға зәру отбасыға тапсырғанын атап өтті.

Гүлжанат Қыдырбаеваға берілген 4 бөлмелі үйдің жылу жүйесі, бау-бақша өсіруге арналған 20 сотық жері бар. Жолдасы екеуі 5 баланы өсіріп, отыр. Көпбалалы отбасы қайырымды түлектерге алғыстарын білдірді.Міне осылайша Созақта мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер көпбалалы отбасыға үй сыйлады

Жалпы Түркістанда мектеп бітіруші түлектер үшін баспана сылау үрдіске айналғандай. Мәселен: «Бекзат» тұрғын алабының тұрғындары тағы бір отбасының баспаналы болуына себепкер болды. 1984 жылы туған азаматтар мұқтаж жанұяның қуанышын еселей түсті. Бұған дейін 1982 және 1983 жылы туған азаматтар 20 жылдық түлектер кездесу кешінде 2 мұқтаж жанұяға баспана кілтін сыйлаған. Түркістандықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша елге тағзым жасауда жастарға осылайша үлгі көрсетіп келеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістандық мектеп түлектері жыл сайын мұқтаж отбасыларға баспана сыйлауды дәстүрге айналдырған

Next Post

Шымкент: Определены 13 мест, где запрещено купаться

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі