13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін айыппұл қаралған

26 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін айыппұл қаралған
38
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан мемлекеттік орган басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін көздейтін Кодекстің 680-бабы – оларға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің бастамасымен аумақтық мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен кездесу барысында хабарланды.

Жиынға департамент басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаев,  Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің қалалық департаменті басшысының орынбасары А.Раева, Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Б.Омартаев, мемлекеттік органдар басшылығы мен персоналды басқару қызметінің мамандары қатысты.

Сонымен қатар, кездесуде мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшыларының қаржылық бақылау шараларын қабылдамауының салдары талқыланды.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерге, сонымен қатар заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысудың салдарына тоқталды.

Оның айтуынша, Департамент осы бағытта тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

Іс-шараны ұйымдастырушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан маңызды болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін мемлекеттік органдар басшыларының заңмен белгіленген жауапкершілігі туралы мәліметтерді жеткізді.

Кездесу соңында Жандос Жұмабаев әрбір мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлыққа белсенді қарсы тұруға шақырды және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Previous Post

На заседании инвестиционного штаба презентованы 9 новых проектов

Next Post

Шымкент: За непринятие мер по противодействию коррупции предусмотрен штраф

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі