13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті

26 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді. Елордалық делегация құрамында Ассамблея және қауымдастық мүшелері, Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де бар. Жұмыс тобы Әл-Фараби кітапханасында жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті.

Бас қосуды Шымкент қалалық ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Икрам Хашимжанов жүргізіп отырды.

Қауымдастық президенті Қайрат Орынбайұлының айтуынша, жуырда Мемлекет басшысының кәсіпкерлермен кездесуінде саладағы өзекті мәселелер көтерілген-ді. Енді ел Президенттің тапсырмасы бойынша тиісті жұмыс қолға алынып отыр.

– Алдымен Нұрсұлтан қаласында жиын өтті. Жұмыс бағытын анықтап алып, ел аймақтарын аралауға шықтық. Алматы, Тараз қаласынан кейін Шымкентке келіп отырмыз. Мұндағы мақсат – жергілікті кәсіпкерлермен, Ассамблея мүшелерімен кездесіп, оларды тыңдау, өзекті мәселелерді талқылау, проблемалар болса, бөлісу, тәжірибе алмасу. Барлығымыздың көздегеніміз – кәсіпкерлікті жандандырып, ел экономикасының дамуына үлес қосу. Осылайша екі ай бойы Қазақстанның барлық аймағында кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Қайрат Орынбайұлы.

Сонымен жұмыс сапарымен үшінші мегаполиске келген Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай  өзекті мәселелерді талқылап, проблемалар болса бөлісу керектігін айтты.

Қорытындылай келгенде жиында жергілікті іскер азаматтар сөз алып, өз кәсіптерімен таныстырды, жетістіктері мен проблемалармен бөлісті. Бас қосу еркін тақырыпта өтті.

Previous Post

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Next Post

Президент Ассоциации предпринимателей АНК встретился с предпринимателями Шымкента

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі