13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл «Жастар бағдарламасы» аясында 857 пәтер үлестіріледі

26 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Биыл «Жастар бағдарламасы» аясында 857 пәтер үлестіріледі
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл «Жастар бағдарламасы» аясында 857 пәтер үлестіріледі

Биыл Шымкент қаласында  1 605 баспананы сатып алу құқығынсыз, жалға беру жоспарланған. Оның ішінде 857 пәтер жұмыс істейтін жастарға табысталады.

Қазіргі таңда бұл тұрғын үйлерде абаттандыру және инфрақұрылымдық жүйелерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстар аяқталған соң тұрғын үй басқармасында конкурс өтеді. Бұл туралы алдын ала құлағдар ету үшін хабарландыру барлық бұқаралық ақпарат құралдарында мен әлеуметтік желілерде жарияланады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы  аясындағы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 2021 жылы  300 жас жалдамалы баспанамен қамтылған. 2020 жылы аталған бағдарлама бойынша – 904 азаматқа пәтер кілті табысталды.

Тұрғын үй-коммуаналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз берілген пәтерлер 5 жылдық мерзімге пайдалануға беріледі.

Қазақс Республикасында 14 пен 29 жас аралығындағы 3,7 млн адам өмір сүреді. Бұл халықтың 20 пайызына пара-пар деген сөз. Ал 35 жасқа дейінгі азаматтар саны 6,1 млн немесе 32,5 пайыз шығады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бастап, жастар мәселесін мемлекеттің басым бағыты ретінде белгілеп, жұмыс атқарып келеді. Қай уақытта да оның құндылығы жойылған емес.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

«Шымкент жастар лигасы» жобасының шахмат спорт түрінен финал ойыны өтті

Next Post

В этом году в рамках «Молодежной программы» будет распределено 857 квартир

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі