13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Amanat» — Түркістан: Мәжіліс депутаттарының қатысуымен үгіт-насихат жұмыстарының екінші кезеңі басталды

26 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
«Amanat» — Түркістан: Мәжіліс депутаттарының қатысуымен үгіт-насихат  жұмыстарының екінші кезеңі басталды
33
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында референдумды халық арасында насихаттаудың екінші толқыны басталды. Халықтың қызу қолдауына ие болып отырған науқанның бірінші толқыны 12-20 мамыр аралығында өткен болатын. Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, «AMANAT» париясының республикалық штаб мүшелері Дархан Мыңбай және Құдайберген Ержан Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ондағы негізгі мақсат – Конституциялық түзетулер жобасын жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру және референдумды қолдауға шақыру. Сондай-ақ олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, талқылау.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Қ.Еркебаев және аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері мен партия белсенділері қатысты.

Алғаш боп сөз алған Дархан Қамзабекұлы жиналғандарға жалпыхалықтық референдум өткізудің алғышарттарын, ұсынылған реформалардың ерекшеліктерін, демократиялық түрленудің маңызын қарапайым әрі түсінікті сөздермен әңгімелеп берді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан да сауалдар қойылды. Штаб мүшелері партия белсенділерін алдағы науқанда белсенділік танытуға және де тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге атсалысуға шақырды.

Мұнан соң республикалық штаб мүшесі Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттерімен кездесті. Алдағы референдумда жастардың да мейлінше белсенділік танытуы маңызды. Өйткені жастар – ел болашағы. Осы ретте Д.Қамзабекұлы Жаңа Қазақстанды құруда жастардың алар орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол жаңа қоғам құрудың негізгі принциптерін кеңінен түсіндірді. Конституциядағы кейбір баптарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мемлекеттің келешектегі бағдары қалай өзгеруі мүмкін деген тақырыпта жастармен кеңінен әңгімелесті.

Ауылдың негізгі күн көрісі – ауыл шаруашылығы саласы екені даусыз. Ала жаздай егістік пен бау-бақшаларда еңбек етіп жүрген түлкібастықтар жыл санап осы саланың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып келеді. Депутаттар ауданға сапары шаруа қожалықтары төрағаларымен және ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінің жұмысшыларымен де арнайы кездесіп, референдум аясында Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, кездесуде агро саланы дамытудағы негізгі басымдықтар сөз болып, субсидия, несие беру, жеңілдетілген бағада жанар-жағармай, тыңайтқыштар алу сынды түрлі тақырыптарда әңгіме өрбітті.

Штаб мүшелері осы күні аудандық интеллигенция өкілдерімен де кездесіп, өзара пікір алмасты. Зиялы қауым өкілдері алдағы науқанға бір кісідей атсалысатынын, референдум жаңа Қазақстан құруға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Мұнан соң Дархан Қамзабекұлы Састөбе кентіндегі жаңа дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысымен танысты.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Конституция- ең жоғарғы заңдық күші бар маңызды құжат

Next Post

«Аmanat»: Реформа халықтың елді басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі