13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда халықаралық геологиялық форум өтіп жатыр 

26 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда халықаралық геологиялық форум өтіп жатыр 
Share on FacebookShare on Twitter

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/vhosts/13kz.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 45
Түркістан қаласында «Қазақстанның карбонатты бассейндері және оған іргелес аумақтар» атты халықаралық геологиялық форумы өтіп жатыр. Оған Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Израиль, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның геологтары, геофизиктері, мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу институттарының, мұнай саласының өкілдері қатысты. Форумның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай Түркістан облысын дамыту барысы туралы баяндап, аталған жиынның маңызды екенін атап өтті.

– Сіздерді тарихы тереңде жатқан Түркістан төрінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Тарихи шаһарда ЮНЕСКО қорғауына алынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бүгінде Түркістан өңірі қарқынды дамып жатыр. 2018 жылы Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Бастапқы жылдары ұйымдастыру, жобалау, жоспарлау жұмыстары жүрді. Соңғы екі жыл көлемінде сол жобалардың басым бөлігі жүзеге асып, Түркістан заманауи қалаға айналды. Инфрақұрылымы толық қаланып, даму жоспарының І кезеңі аяқталды. Рухани-мәдени аймақ, әкімшілік-іскерлік оталығы жаңа ғимараттармен, нысандармен толықты. Жалпы қазір Түркістан халықаралық деңгейдегі жиындарды, іс-шараларды өткізуге, қонақтарды қабылдауға толық қауқарлы. Облыста фосфорит, уран, гипс, цинк, қорғасын, алтынның қоры бар. Сондықтан бүгінгі форум табиғи қазба байлықтарды игеріп, зерттеу ісінде өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Геология саласындағы мәселелер кеңінен талқыланып, жаңа идеялар ұсынылады, – деді Арман Шәріпбайұлы.
Форумды «Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Балтабек Қуандықов жүргізіп отырды. Ол Түркістан өңіріндегі өзгерістерге жоғары бағасын беріп, геология саласындағы бұл жиынның маңызды екенін айтты. «Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен форумда маңызды баяндамалар жасалып, идеялар ұсынылды. Елдің экономикасы даму үшін геологиялық зерттеулер, табиғи байлықты заман талабына сай игеру қажет екені баяндалды.
Іскерлік жиынға салалық министрліктер, Түркістан облысы әкімдігі, ұлттық және шетелдік компаниялардың басшылары, сондай-ақ жетекші мекемелер мен кәсіпорындардың сарапшылары, геологтары мен геофизиктері қатысты. Қатысушылардың баяндамалары геологиялық барлаудағы инновациялық шешімдерді анықтау мен карбонатты кен орындарының (рифтердің) геологиясын зерттеудің заманауи әдістеріне арналды. Сонымен бірге мұнай-газ әлеуетінің перспективалары да сөз болды. Карбонатты кен орындарындағы мұнай және газ кен орындарын пайдаланудағы соңғы технологиялар да таныстырылды.
Іскерлік бағдарламадан бөлек қатысушылар Қаратау сілемдеріне геологиялық экспедицияға шығады. Онда девон-карбон дәуірінің органогендік құрылымдары, Каспий маңы ойпатының алып кен орындары су қоймаларының аналогтары көрсетіледі. Мұндай ауқымды экспедиция Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Оған әр түрлі аймақтар мен компаниялардан 150-ге жуық геолог қатысуда.
Форум аясында қатысушылар мен қонақтар Түркістан өлкесінің тарихи орындарын аралайды. Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи, Есім хан мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенелеріне, Отырар қалашығына, Күлтөбе қалашығының археологиялық қазбаларына экскурсия ұйымдастырылады. Жаңа Түркістанмен танысады.
Форумға «ҚазМұнайГаз», «Теңізшевройл», «NCOC», «КРО», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қарақұдық Мұнай», «CNPC», «Тоталь», «Геокен», «PGS Kazakhstan», «Тепке» компаниялары қолдау көрсетті.
Екі күнге жоспарланған форумда түрлі секциялар бойынша пленарлық отырыстар өтіп, геология саласының майталмандары білгендерін мамандарға үйретіп, пікір алмасады.
Previous Post

Әр азамат референдумда өз ұстанымын білдіре алады.

Next Post

Заңға енгізілетін өзгерістер - заман талабы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі