13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Кентауда 50-ге жуық көше жөндеуден өтеді

8 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Кентауда 50-ге жуық көше жөндеуден өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл наурыз-сәуір айларында қаланың орталық 19 көшесіндегі 34,6 шақырым жолға шұңқырларды жамау, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылындағы 10 көшеге орташа жөндеуге 87,2 млн.теңге республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталып, келісім шарт құру жұмыстары жүргізілуде.

Субвенция есебінен қаланың 7 көшесіндегі жалпы 3 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 2022 жылға мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында мердігер мекеме «VIP Story Company» ЖШС-і 12,7 шақырымды құрайтын 29 көшені орташа жөндеуден өткізуі жоспарланып, жұмыстар атқарылуда.

Аталмыш мердігер мекеме тарапынан 2023 жылға жоспарланған 11,6 шақырымды құрайтын 19 көшені 2022 жылы өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу межеленген. Жалпы, Кентауда жыл соңына дейін қала көшелерінің басым бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, асфальт төсеу жұмыстары іске асырылады.

Естеріңізге сала кетсек,өткен жылы Кентау қаласындағы 50 шақырымды құрайтын 50-ден астам көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған еді. Нәтижесінде Кентау қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 100 %-ға жететін болады. Айта кетейік, жоспар бойынша Кентау қаласында 2020-2025 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 101,7 шақырым болатын 142 көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Previous Post

Әскердегі қызмет - әрбір азаматтың қасиетті борышы және міндеті!

Next Post

Түркістанда «Turan» арнайы экономикалық аймағын дамыту барысы талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі