13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі «ALAN» халықаралық мектебінің құрылысымен танысты

26 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі «ALAN» халықаралық мектебінің құрылысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі «ALAN» халықаралық мектебінің құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «ALAN» халықаралық мектебінің құрылыс барысын аралап көрді. Заманауи стандарттарға сай келетін білім мекемесі осы жылдың қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарлануда.

Қаратау ауданында орналасқан бұл мектеп 840 оқушыға лайықталған. Мұнда 1 және 11 сынып аралығындағы оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде білім алатын болады. Оқу ғимаратында 60 пән кабинетімен бірге ашық және жабық түрдегі спортзал, кітапхана және асхана қаралған. Оқушылардың ғылыми жұмыстарға бағыттау үшін ғылыми зертханалар жасақтау көзделіп отыр. Әрине мұның барлығы болашақ ұрпақ үшін.

Білім мекемесі толық күндік мектеп болғанымен ерекшеленеді. Оқушылар сағат 8:00-17: 00-ге дейін қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынған смарт мектебінде қосымша біліммен қамтылады.

Мектеп іске қосылғаннан кейін барлығы 168 адамды тұрақты жұмыспен қамту  жоспарланған. Кадрлар халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде іріктеліп, үш тілді жетік меңгеруі міндеттеледі. Одан бөлек, шетелден білікті мамандарды шақыру көзделіп отыр. Білім беру әдісі STEAM, PBL, TRIZ, CLIL және өзге де әлемнің озық бағдарламасына негізделген.

Сонымен қатар, оқушылар спорт пен шығармашылық үйірмелері және сыныптан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларға қатыса алады.

Айта кетсек, биыл қалада 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 11-і жеке инвестор есебінен салынуда. Нәтижесінде үшауысымды мектеп саны 9-дан 5-ке азаяды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Более 11 тысяч школьников окончили школу в Шымкенте

Next Post

Аким города ознакомился со строительством международной школы "ALAN"

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі