Түркістан облысы, Жетісай ауданында қарбыз пісті
Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округіне қарасты Жемісті ауылында 1 гектар алқаптан 25 тонна қарбыз жиналып, Ресейге экспортталуға дайын тұр. Ондағы қарбыз тамшылатып суғару әдісімен өсірілген.
Жетісайлық диқандар тамшылатып суғарудың пайдасы мол екен айтады. Оған дәлел , жыл сайын 6 мың түп шықса, биыл тамышлатып суару әдісі арқылы 8 мың түп өнім алынған. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға берілген зор мүмкіндік екенін айтты диқандар.
Бұл әдіс егістіктің өнімділігін арттырып қана қоймайды, тамшылатып суғарудың тағы да бір артықшылығы – тыңайтқыш 5-6 есе аз талап етеді. Қол күшін де көп керек етпейді екен.
Қарбыздың 60-65 күнде пісетін СДолбый» атты сортын сәуір айында ектік. Қазір бағасын келіссек, 25 тоннадан астам қарбызды үзейін деп жатырмыз. Бұған дейін келісіне 210 теңге ұсынып кетті, бұл бағадан 20-30 теңгеге жоғарылау бағаны көздеп отырмын, – дейді «Атымтай» шаруа қожалығының төрағасы Атымтай Омаров.
Қарбыз алдағы бір-екі күн көлемінде Ресейге жөнелтілмек. Жалпы, биыл Жетісай ауданы бойынша 17 мың гектарға бақша дақылдары егілген. « Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 1100 гектар аумақта 236 жоба іске асырылып жатыр.
Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егу жоспарланған. Соның 22 мың гектарына бақша дақылдары егілген. Оның ішінде, 14 378 гектарына пленка астынадағы қауын, ал, 4 900 гектарға қарбыз егілген. Аудан бойынша қазіргі таңда 50 гектар аумақта қарбыз бен 15 гектар егістікте қауын пісуге жақын.