13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 453 оқушы «Алтын белгі» үміткері атанып отыр

25 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 453 оқушы «Алтын белгі» үміткері атанып отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 453 оқушы «Алтынбелгі» үміткері атанып отыр

Шымкент қаласында биыл орта мектепті бітіріп жатқан 453 түлек «Алтын белгіге» үміткер атанып отыр. Оның ішінде Ұлттық біріңғай тестілеуге 433-і қатысса, қалған 20 үміткер шетел жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты ҰБТ тапсырудан бас тартқан.

Айта кетейік, үлгілі мінез-құлық танытқан және барлық пәндер мен қорытынды аттестаттаудан өте жақсы деген баға алған оқушыларға «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

Бүгін Шымкент қаласындағы барлық орта мектептерде соңғы қоңырау іс-шарасы «Түлек-2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты тақырыппен өтіп жатыр. Биыл мегаполис мектептерін 11 189 оқушы аяқтап отыр.  Тағы  19 251 оқушы 9 сыныпты тәмамдайды.

Оқу жылы 25 мамырда аяқталғанымен 9 және 11 сынып оқушылары 10 маусымға дейін қортынды емтихандарын тапсыратын болады. Ал, 11 сынып оқушылары 16 мамыр мен 5 шілде аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Соның ішінде мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін тестілеуге 8 200 бітіруші қатысады. Яғни олардың әрқайсысына 2 реттен тест тапсыру мүмкіндігі берілмек.

Сонымен қатар 1-8 және 10 сынып оқушылары 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектепке ерікті түрде қатыса алады. Мұндай шара үлгерімі төмен оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында қабылданып отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша Шымкент қаласы бойынша жалпы 143 757 оқушы жазғы мектепте оқиды деп жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте 11 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

Next Post

Более 11 тысяч школьников окончили школу в Шымкенте

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі