13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс барысын аралады

25 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс барысын аралады
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 2 және 3 кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін тапсырды.

Сондай ақ, Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша инженерлік желілерді орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстарымен қатар ұзындығы 0,561 шақырымды құрайтын үшінші кезеңі бойынша қазіргі уақытта жол мен  аяқ жолдардың негізін әзірлеу, абаттандыру және жер үсті жаяу жүргінші өткелін жасау жұмыстары атқарылуда.

Жалпы әрбір зайырлы мемлекет ел тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруды көздейді. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы ел экономикасының тұрақты дамуының алғышарты десек артық айтпаған болар едік. Жоғарыда айтқан мәселелерге байланысты біздің елімізде ауқымды шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Сондай жобалардың бірі де бірегейі – 2021 жылы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлығымен бектіліген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы. Аталған жоба «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іс-шараларын қамтиды. Бұл жоба тұрғындарының ең негізгі проблемаларын шешуге бағытталған. Жоба екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Кеңінен айтатын болсақ, ұлттық жоба халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту әрі тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату негізінде жасалған. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы 2021-2025 жылдарға жоспарланған. Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаржының жалпы көлемі 7,6 трлн теңгені құрайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент: Строительство объездной дороги "Оңтүстік" набирает обороты

Next Post

Аким Шымкента осмотрел ход строительства продолжения проспекта Кунаева

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі