13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте сарбаздар ант қабылдады

25 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте сарбаздар ант қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Осы көктемде Нұр-сұлтан және Алматы қалаларынан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан шақырылған механикаландырылған бригаданың 150-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады.

Ант қабылдаушыға әрдайым есте қалатын салтанатты рәсім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында жеке құрамның, сарбаздардың ата-аналары мен туыстарының, сондай-ақ шақырылған қонақтардың қатысуымен өтті.

Қолдарына қару алған сарбаздар өздерінің әскери борышын лайықты атқаруға, елдің бостандығын, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылымын, халқын және заңды түрде сайланған Президентінің батыл қорғауы болуға ант берді.

Бөлімге келгеніне ір ай болған жас жауынгерлер бастапқы әскери дайындық курсынан өтті. Олар әскери Жарғылар және олардың қызметін айқындайтын басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды, атыс, дене дайындығы және басқа да әскери оқыту пәндері бойынша бастапқы білім алды.

Ант беріп, салтанатты шерумен өткен сарбаздар, қарумен және қарусыз саптық амалдарды орындау, дефиле, дене дайындығы мен қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті.

— Бұл менің өмірімдегі терең із қалдыратын үлкен оқиға. Мен теледидардан ант қабылдауды бірнеше рет көрдім. Бірақ саптық алаңда тұрып, ант оқыған кезде, мүлдем басқа сезімде болады екенсің, — деп Қызылорда облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Ринат ӨМІРЗАҚ ант қабылдау рәсімінен алған әсерімен бөлісті.

Шақырылған сарбаздардың туыстары мен қонақтардың қатысуымен ант қабылдау рәсімі Covid-19 таралуына байланысты шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өткен жөн.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Конституциялық реформа: Азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейту

Next Post

Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі