13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Тұрғындар өтінішінің орындалуы басты назарда

24 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Тұрғындар өтінішінің орындалуы басты назарда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов  қаланың дамуы мен тазалығына атсалысып жүрген Әл-Фараби ауданының белсенді азаматтарымен кездесті.

Қала әкімі тұрғындар көтерген әрбір мәселенің орындалуы өз бақылауында болатынын айтты. Қала басшысы бүгінгі кездесуде айтылған ұсыныстар мен өтініштер негізінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Бұған дейін болған кездесулерде жалпы 68 мәселе көтерілген болатын.  Бүгінде оның 28-і толық орындалып, тұрғындардың өтініші  қанағаттандырылған еді. Ал бүгінде 29 тапсырма орындалу үстінде. Сондай-ақ, тұрғындардың  5 өтініші тұрақты бақылауды қажет етсе, 2 ұсыныс келесі жылы жүзеге асырылмақ. Тұрғындар өтініш талаптарының орындалып жатқандарына дән риза. Одан өзге халықтың жүріп тұруын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық көліктердің де қатары толыға түсуде. Яғни мәселен «Сәуле» шағын ауданынан жүретін қоғамдық көліктердің «Қазығұрт» шағын ауданына дейін ұзарту туралы өтініш берілген болатын.  Нәтижесінде №96 және №43 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгертіліп, тұрғындарға қолайлы етіп жасалды.

Сондай-ақ, 195 орамдағы Қырыққыз көшесін жарықтандыру бойынша ұсыныс бірден назарға алынып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Бүгінде аталған көшеге 31 жарық шамдары орнатылды. Игі істерге халық дән риза.

Ал, Әл-Фараби ауданының үй басқарушылары мен белсенді азаматтарынан құрылған кеңесте инфрақұрылым, жол, қоғамдық көлік, тазалық сынды әлеуметтік мәселелер шешімін табуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

В Шымкенте в этом году отремонтируют 348 км дорог

Next Post

Конституциялық реформа: Азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейту

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі