13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қалалық перзентханада жылына 11 мың сәби дүниеге келеді

24 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент қалалық перзентханада жылына 11 мың сәби дүниеге келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханасында болып, қазіргі жағдайымен танысты.

Бүгінде стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық перзентхананың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, қызмет көрсету сапасы артқан.

Қазіргі таңда мекемеде 53 білікті дәрігер, 171 орта, 87 кіші  медперсонал жұмыс істейді. Қала тұрғындарына 153 төсек-орындық стационар қызмет көрсетуде.

Қалалық перзентхананың 6 ғимараты 2021 жылы күрделі жөндеуден өтті. Оған бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралған-ды. Нысан толықтай соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталған, заман талабына сай. 2021 жылы 41 медициналық құрал-жабдық (22-і жергілікті бюджет есебінен) сатып алынды.

Жылына 11 мыңнан астам нәресте дүниеге келетін нысан жаңғырту жұмыстары нәтижесінде 12 мыңнан астам ананың босануына жағдай жасалды.

Қала әкімі шаһардағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртудың маңыздылығын, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, демографиялық көрсеткішті одан әрі ұлғайту  негізгі бағыттардың бірі болып белгіленгенін атап өтті.

Сонымен қатар Мұрат Әйтенов қаладағы емханалардың қызмет көрсету сапасы мен медицина мекемелерінің барлық қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілу барысын қадағалау мақсатында қала әкімі №5 қалалық емханаға барды. Алғашқы медициналық-әлеуметтік  көмек  көрсететін ұйымның барлық процестері автоматизацияланған. Емханада жалпы тәжірибелік дәрігерлер , педиатриялық учаскелер, гинекологтар, тағы басқа салалық мамандар қабылдау жүргізеді.Онда жалпы 400 -ден аса қызметкер жұмыс істеуде. Емдеу мекемесіне 59 мыңнан аса қала тұрғыны тіркелген. Ол пациенттерге  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетіледі. Ұйымда Емдеуге жатқызу бюросы порталы (БГ), медициналық қызметтердің сапасын басқару қызметі, пациенттерді қолдау қызметі енгізілген.Емханада барлық орталықтандырылған коммуникациялық жүйелері бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Референдум бойынша насихат жалғасуда

Next Post

В шымкентском родильном доме ежегодно рождается 11 тысяч детей

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі