13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте шомылуға арналған ресми орындар белгіленді

23 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте шомылуға арналған ресми орындар белгіленді
Share on FacebookShare on Twitter

Жаз бойы мегаполис аумағында «Қауіпсіз жаз» атты кең ауқымды насихаттау акциясы өткізіледі. Осыған орай Шымкент қаласы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен арнайы іс-шара ұйымдастырды.

ТЖ қызметкерлері акция аясында шомылуға тыйым салынған жерлерді бақылауына алады.

Шаһарда шомылуға арналған ресми орындар белгіленіп қойды. Ол Қошқар ата өзенінің сағасы, Тоғыс су қоймасындағы «Тоңазытқыш» демалыс аймағы және Бадам су қоймасындағы «Рахат-Бадам» демалыс аймағы.

Жаз бойы мобильді топтар суға түсуге болмайтын орындарды аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жадынамалар таратады.

Акцияға полиция департаментінің өкілдері, «Лидер.кз» еріктілері, жедел-құтқару жасағының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері мен құтқарушылар, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары да жұмылдырылады.

Іс-шараның алғашқы күні мобильді топтар Қаратау ауданындағы қараусыз қалған карьер, Қошқар ата өзені, Бадам және Сайрамсу өзендерінің бойындағы жабдықталмаған учаскелерді шолып шықпақ.

Өз кезегінде қала аумағында шомылуға тыйым салынған 13 учаске анықталып отыр. ТЖ департаментінің дерегінше екі айда 4 жазатайым оқиға орын алып,  1 ересек адам мен кәмелетке толмаған 3 бала суға батып кеткен.

Қорыта айтқанда мобильді топтар суға түсуге болмайтын орындарды аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Шомылу маусымында департаменттің 55 құтқарушысы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады.

Previous Post

В Шымкенте запланированы мероприятия по эффективному проведению летнего отдыха

Next Post

В Шымкенте определены официальные места для купания

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі