Биыл сапалы электр қуатымен қамту үшін 9 елді мекеннің ішкі жүйелері мен «Ақжар» 110/35/10кВ және «Ынтымақ» 110/35/10кВ қосалқы станцияның құрылысы жүргізілуде. Шымкент қаласында қазір 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді мекен жарықты жекеменшік жүйеден алады. Ал жыл соңына дейін «Ақжар» қосалқы станциясы мен 8 елді мекенде ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 17 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады. Мәселен: өткен жылы шаһарда «Бозарық»220 КВ мен «1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген еді. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды. Енді биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Яғни олар: Достық, Батыс, Нұртас, Сәуле-276 орам, Тұран, Солтүстік саяжай, Жаңаталап, Нұртас шағынаудандары. Нәтижесінде қала аумағындағы сапалы электр қуатымен қамтылу көрсеткіші 97%-дан, 99%-ға жетпек. Қаланы үздіксіз электр энергиясымен қамту мақсатында 2022-2025 жылдары 3 қосалқы станциясын салу жоспарланған. Оның ішінде 110 кВ «Ынтымақ» құрылыс-монтаж жұмысына бюджеттен 6 млрд теңге қаралса, 220 кВ «Қызылсу» мен «Нұрлы» қосалқы санциясын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қарастырылып отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі