13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ауызсу бұрқақтары қайта іске қосылды

19 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ауызсу бұрқақтары қайта іске қосылды
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы 5 орында орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Әл-Фараби ауданының демеушілері тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға қойылған болатын.

Қыс мезгілінде уақытша жабылған ауызсу бұрқақтары бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына Иляев — Қонаев қиылысы, Арбат саябағы, Түркістан көшесі 55 және «Мацарелло» мейрамханасы алды мен Hyper House ойын-сауық орталығының маңында қайта қолжетімді болды.

Жақын жоспар бойынша күндері Әл-Фараби ауданында ауызсу бұрқақтары жаңадан тағы 6 жерге орнатылмақ.

Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық!

Тұрғындардың алаңсыз су ішуі үшін онда суға арналған сүзгі (АКВАФОР фильтр) қойылған. Тіршілік көзі бей-берекет ақпайды, тек қажет кезде ғана арнайы батырманы басып пайдалануға арналғанын ескеру керек.

Жалпы аудан аумағына жолаушылардың хабы саналатын 10 нүктеге соңғы үлгідегі «Smart» аялдамалар салынбақ. Онда тұрғындардың ыңғайлылығы үшін тегін Wifi, смартфон қуаттағыш көздері, кондиционер, қаланың картасы және маршрут бағыттары көрсетілген электронды тақтайша орнатылады. Ең бастысы қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмағаны абзал.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Previous Post

В Шымкенте инфраструктура питьевой воды будет полностью решена в 2023 году

Next Post

Балаға паспортты қалай алуға болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі