13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентке келген мәжіліс депутаты саяси реформаларға тоқталды

18 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентке келген мәжіліс депутаты саяси реформаларға тоқталды
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғали Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Депутат пен жергілікті зиялы қауым өкілдерінің жүздесуі «Әл-Фараби» кітапханасында өтті. Жиынға халық қалаулысымен бірге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шалатай Мырзахметов бастаған қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты.

Берік Әбдіғалиұлы алдымен жуырда Қазақстан қоғамында болатын саяси оқиға – жалпы халықтық референдумға тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тоқталды. Мәжіліс депутатының пікірінше, Ата заңымызға енгізілгелі тұрған өзгерістер ел дамуына оң әсер етеді. Сонымен қатар бұған қоса қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – тіл, оның ішінде қазақ тілінің дамуы туралы сөз қозғалды.

– Ана тіліміз – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің дамуы қазір барлығымызды дерлік ойландырып жүргені рас. Мәселе тілде емес, өзімізде деп едім. Алдымен туған тілімізге деген қарым-қатынасымызды реттеп, сапалы деңгейге көтеруіміз керек. Әр азаматтың бойынша тілге деген құрмет сақталуы тиіс. Тіл, алдымен, өзімізге керек. Сонда ғана ана тіліміздің дамуы жаңа деңгейге көтерілер еді, – деді Мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғали 2021 жылдың қараша айында Түркістан қаласында өткен құрылтайда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланған еді. Бүгінгі басқосуда жергілікті тіл жанашырлары да сөз алып, қазақ тілінің дамуы туралы ойларын айтты, өзара пікір алмасты.

Previous Post

Шымкентте балалар туризм апталығы басталды

Next Post

Шымкентте 500-ге жуық азаматтың үйді жалдау ақысын субсидиялау өтінімі мақұлданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі