13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Референдумды халыққа түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде

18 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Референдумды халыққа түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның қалалық штабының атқарған жұмыстары мен аралық есебі бойынша баспасөз брифингі өтті.

Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штаб өкілдері Бауыржан Әлтеев пен Нұргүл Қобланова атқарылған жұмыстарды баяндады.

Шаhарда референдумды қоғамдық қолдау штабының жұмысшы тобы халықтың түрлі топтарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қоғамдық штабтың қатарында үкіметтік емес ұйым өкілдері, ғалымдар, блогерлер мен журналистер, жастар мен ардагерлер қауымдастығы, этномәдени орталықтардың жетекшілері бар.

— Қоғамдық штабтың 22 мүшесі 3 топқа бөлінген. 11 мамырдан бастап, білім ордалары, кәсіпорындар, сауда орындарында кездесулер өтуде. Халық жалпы референдумнан, қоғамдық-саяси өзгерістерден хабардар. Азаматтар еліміз үшін саяси мәні зор іс-шараға қатысуға белсенділік танытып отыр, — деді Бауыржан Ілімшеұлы.

Референдумды халыққа түсіндіру бойынша қалада 162 мекемені қамту жоспарланған. Бүгінге дейін 36 мекемеде, жалпы 12 мыңға жуық тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда қоғамдық штабтың әлеуметтік желілерде парақшасы жұмыс істейді. Қоғамдық штаб өкілдері атқарылған жұмыстарды осылай БАҚ өкілдеріне тұрақты түрде баяндап отырмақ. Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық қызу жүргізілуде.

Previous Post

«Аmanat»: Бәйдібек халқы Президент айқындаған бағытты қолдайды

Next Post

Активно проводится разъяснительная работа с населением по проведению референдума

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі