13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

220-дан астам қазақстандық QNET компаниясынан материалдық залал көргенін мәлімдеді

18 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
220-дан астам қазақстандық QNET компаниясынан материалдық залал көргенін мәлімдеді
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақытта Qnet компаниясының қызметіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Елде 220-дан астам адам аталған компаниядан материалдық залал келгенін айтып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Telegram арнасында жазды.

Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс Алматы қалалық ПД СДТБТ-да Қылмыстық кодекстің 217-бабы («Қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық ету») бойынша тіркелді. «Тергеу барысы Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы және полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, біз тергеу іс-шараларын жүргізіп жатырмыз», — деді Әбдірахманов. Полицей QNET ел заңнамасының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет жүргізбейтінін атап өтті. Оның сөзінше, компанияда банктік және инвестициялық қызметті, сондай-ақ банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар мен өзге де рұқсат құжаттар жоқ. «Халықтан қырағы болуды сұраймын…», — деп ескертті Рустам Әбдірахманов. Ол сондай-ақ Qnet компаниясының материалдық залал келтіргені туралы арызбен құқық қорғау органдарына 220-дан астам адам жүгінгенін атап өтті. Еске сала кетейік, сәуір айында Qnet халықаралық компаниясы қаржы пирамидасы деп танылып, оның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы сотқа дейінгі тергеуге алынған болатын.

Previous Post

Шымкентте Иляев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Шымкент тұрғындарын 100 пайыз көгілдір отынммен қамту жоспарлануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі