13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Рухани қазына – 2022» фестиваль-байқауы басталды  

17 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
40
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін киелі қаламыз Түркістанда Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің  республикалық «Рухани қазына – 2022» байқауы басталды.

Бесінші рет ұйымдастырылған байқауға мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері, ауылдық клубтар мен жекелеген мәдени ұйымдар қатысуда.

Фестивальдың ресми ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының президенті Ғалымжан Өтелбайұлы мен Түркістан облысының Мәдениет басқармасының басшысы Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыларға бүгінгі байқауда сәттілік тіледі.

— Бұл іс-шара дәстүрлі түрде жылда өткізіліп келеді. Осы айтулы іс-шараны өткізудегі басты мақсат — мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін қолдау.

Биылғы «Рухани қазына — 2022» байқауының екы ерекшелігы бар: бірінші, жеке меншік мәдени ұйымдар мен мекемелер де қатысуы. Ал екіншісі, телеграм каналда өткізу орнын анықтау үшін дауысқа салған едік. Нәтижесінде басым дауыспен киелі қаламыз Түркістан қаласы таңдалды. Осы таңдаудың барысында әр өңірдің белсенділігін де көре көре білдік, — деп Ғалымжан Өтелбайұлы фестивальға қатысушы барша мәдениет саласының қызметкерлеріне Мәдениет және спорт министрі Даурен Әскербекұлының сәлемін жолдады.

Өңірлердегі іріктеу кезеңі 30 сәуірге дейін өтіп, үздік шыққандар республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Ал республикалық байқау мамыр айының 21-не дейін жалғасады.

Қазылар алқасының мүшелері екі күн бойы (17-18 мамыр)  қатысушылардың еңбектерін бағалайды. Кітапхана саласы бойынша «Farab» кітапханасында, музей саласы бойынша «Ұлы Дала Елі» орталығында, мәдени-демалыс қызметі саласы бойынша Халықаралық туризм және меймандостық университетінде мәдениет ұйымдарының үздіктерін анықтау өтеді.

Республикалық кезеңге қатысу үшін еліміздің 17 өңірінен 285 өтінім келіп түсті. Соның ішінде кітапхана саласы бойынша – 125 өтінім, музей ісі бойынша – 73 өтінім, мәдени-демалыс қызметі саласы бойынша — 87 өтінім.

Ал, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 21 мамырда «Farab» кітапханасында өтеді деп жоспарлануда. Бабы мен бағы қатар жанған таланттар арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

 

Previous Post

Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш

Next Post

«Жаңа Қазақстан: жастардың бірлігі мен жауапкершілігі» атты республикалық форум өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі