13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Жас сарбаз» слеті өтті

16 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында «Жас сарбаз» слеті өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Ахмет Ясауи Колледжінің базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының слеті ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сана-сезімін арттыру, әскери борышты өтер алдындағы шеберліктерін шыңдау және әскери-патриоттық клубтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілген бұл шараға 30-ға жуық колледж командалары қатысты. Слет барысында әскери дайындық түрлері мен квест ойындарының байқауы өтті. Бұл байқауға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев төрағалық еткен әділқазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасында Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен, қалалық Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамынан, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасынан, облыстық «Жас Сарбаз» қозғалысынан, ЖОО-нан өкілдер болды. Қызықты әрі тартысты өткен сайыстың нәтижесі келесідей:

Жалпы командалық есепте

1-орын: «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі;

2- орын: Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі;

3- орын: №7 колледж.

Номинациялар:

  1. АК-74 қаруын толық емес бөлшектеп жинақтау

«Ең епті» номинациясы:

Ұлдар арасында -Төлебай Бақтияр  (Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі);

Қыздар арасында — Құдайберген Ұлбазар   («Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі);

  1. Пневматикалық қарудан атыс жүргізу (Тир ату)

«Үздік сұрмерген» номинациясы:

Ұлдар арасында — Естай Бекмұхамбек (Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі);

Қыздар арасында – Шарипбекова Ақтолқын   (№7 колледж);

  1. Әскери әуенмен жүріп өту

«Үздік саптық дайындық» номинациясы

Команда – Сарыағаш медресе колледжі.

Tags: 13kz13kz.kz13кзЖас сарбазШымкент
Previous Post

AMANAT: Жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен кездесу өтті

Next Post

Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі