13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте «HR-Рrocess» ақпараттық жүйесі арқылы 1264 педагог жұмысқа орналасқан

6 мая, 2022
in Білім
0
Шымкентте «HR-Рrocess» ақпараттық жүйесі арқылы 1264 педагог жұмысқа орналасқан
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылдың қорытындысымен Шымкент қаласындағы 526 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 65 835 бала қамтылған. Оның ішінде, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығындағы 50 609 бала – 100%, 1-6 жас аралығындағы 75 900 баланың – 86,7%-ы (65 835 бала) қамтылған (жоспар – 86,2%).

2021-2022 оқу жылында 202 мектепте 242 525 оқушы  (2020 ж. – 226 679 бала) білім алуда. Оның 151-і (221 477 бала) мемлекеттік, 51-і (21 048 бала) жекеменшік мектеп.

Биылғы жылы 1-сыныпқа 26 569 бала қабылданды. Оның ішінде, мемлекеттік мектепке 22 646, жекеменшік мектепке 3 923 бала қабылданған  (2020-2021 оқу жылы – 24 490 бала).

Білім беру ұйымдарының басшылық лауазымына тәжірибесі бар, сапалы әрі білімбі басшыларды тағайындау үшін арнайы «Кадрлық резерв институты» құрылып, құрамына қала бойынша 186 адам тіркелген. Бүгінгі таңда кадрлық резервтің 28 үміткері мекеме басшылығына арналған тесттен шекті балл жинаған болса, оның 6-ы директор болып тағайындалған.

Сонымен қатар, сапалы кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау мақсатында педагогтарды жұмысқа қабылдау «HR-Рrocess» ақпараттық жүйе арқылы автоматтандырылған.

Бүгінгі күнге дейін 2 144 бос жұмыс орны жарияланып, жұмысқа қабылданған 1 264 педагогтың 358-і үздік дипломмен, 180-і магистр, 27-і шет елдерде білім алған кадрлар.

2020-2021 жылдары педагогтардың жалақылары 50 пайызға ұлғайды.

Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзбілім саласыШымкент
Previous Post

Ардагерлер мен зейнтеркерлерді әлеуметтік қолдау партия назарында

Next Post

Шымкентте 147 мектепке «Ақылды туникеттер» орнатылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі