13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік ХҚО-лар қолхат беруді тоқтатады

4 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік ХҚО-лар қолхат беруді тоқтатады
Share on FacebookShare on Twitter

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін қағазсыз қызметке ауыстырмақ.Ол үшін  халыққа қызмет көрсету орталықтарында 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхатты қысқартты. Жақын арада барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетілетін болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, қағазсыз қызмет көрсетуге көшу бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. «Мемлекеттік аппаратты жалпы цифрландыру және бюрократиясыздандыру аясында миллиондаған тонна қағазды технологиялар мен онлайн-сервистерге ауыстыру қажет, біз осы бағытта жұмысты бастап та кеттік. Енді қазақстандықтарға құжаты дайын болғанда қай ХҚО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. ХҚО операторына клиент қолхаттың электронды нұсқасын көрсетсе болды», — дейді Әбділдин.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары қазақстандықтарға осы 8 қызмет бойынша жылына 6 млн-ға жуық қолхат береді (бұл қолхаттардың жалпы санының 40%-ын құрайды). Енді клиенттер құжаттарын алу кезінде қағаз түріндегі қолхатты көрсету қажеттілігінен құтылды. Қағаздың 2022 жылы күрт қымбаттап кеткенін ескеретін болсақ, қағаз түріндегі қолхаттан бас тарту мемлекеттік корпорацияның қағазға жұмсалатын шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бюджетті оңтайландыру мақсатында Азаматтарға арналған үкімет жартылай ағартылған целлюлозадан жасалған эко-қағазды пайдалануға көшу туралы шешім қабылдады. Ол әдеттегі қолданатын қағаз түсінен сарғыш болғанымен, басылған мәтіннің сапасына әсер етпейді. Сонымен қатар, ол кез-келген принтер мен көшіру құрылғысына жарамды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың, университеттер мен банктердің көпшілігі осындай эко-қағазды пайдалануға көшті.

Қолхат берілмейтін қызметтер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу;
  2. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
  3. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
  4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
  5. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру;
  6. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
  7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
  8. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру.
Previous Post

Шымкент әкімі ауыл шаруашылығы нысандарын аралады

Next Post

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі