13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2 миллионнан астам жұмыс орны ашылады

28 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
2 миллионнан астам жұмыс орны ашылады
92
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-премьер бұл халықтық бағдарлама екенін атап өтті.

«Біріншіден, бағдарлама 1 миллионнан аса бюджет саласы қызметкерінің, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналының жалақысын арттыруға бағытталған. Оның ішінде 850 мың бюджет, 200 мың өндірістік саладағы азаматтар бар», — деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, келесі аптада «Самұрық-Қазына» қорында квазимемлекеттік секторға қатысты жиын өтеді. Кездесу барысында жалақыны көтеру мәселелері талқыланады.
«Сондай-ақ 2,8 миллион қызметкердің жалақысын бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа тікелей қатысы бар жобалар арқылы көбейтеміз. Әсіресе, мемлекеттің тікелей қолдауын алатын бизнес саласына 2,8 миллион азаматтың жалақысын көтеруге қарсы талап қойылады», — деді премьер-министрдің орынбасары.
Тоғжанов бағдарлама аясында экономиканың түрлі саласында 2025 жылға дейін 2 миллионнан астам жұмыс орны ашылатынын айтты. Атап айтқанда, өндіріс саласында – 950 мың, инфрақұрылым саласында – 583 мың, ауыл шаруашылығында – 458 мың, туристік салада – 59 мың жұмыс орны құрылады. Мұның бәрі табысқа тікелей әсер ететін жобалар, деді үкімет басшысының орынбасары.
Previous Post

Мамандық таңдау – маңызды іс

Next Post

«Мобильді арбат» жәрмеңкесі шақырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі