13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі өтті

27 апреля, 2022
in Cаясат
0
«AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақытта Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінде ауқымды өзгерістер байқалады. Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев өзінің наурыздағы Жолдауы арқылы билік институттарын күрделі қайта құрылымдау мен теңгерімдеу үдерісін бастады. Жаһандық экономикалық және геосаяси дағдарыс жағдайында бұрынғыдан да өзекті бола түскен реформалар «ADAL» партиясы саяси кеңесінің «AMANAT» партиясына қосылу туралы шешім қабылдауына негіз болды.

Бұл шешім партияның жұмысын жандандыруда негізгі қадам болары анық. «ADAL» партиясымен біріге отырып, Президент реформаларын жүзеге асыруда және Жаңа Қазақстан құрылысына белсенді қатысуда алдағы уақытта жүйелі жұмыстар көрсете алатынымызға сенімдімін.

Бүгінгі таңда «АМАNАТ» партиясы трансформациялық өзгерістерді өте сенімді әрі жүйелі түрде жүзеге асыруда. Осы тұста партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың аймақтарға жасаған сапарлары өңірлердегі мәселелерді қарастыру мен шешуде жаңа бетбұрыс болды. Сонымен қатар, партияның мобильді қабылдау бөлмелерінің іске қосылуы, тұрғындардың проблемаларына назар аудару сияқты жұмыстар партияға деген сенімді арттыра түсіп ребрендингті күшейте түсті.

«АМАNАТ» партиясы БАҚ пен ақпараттық ресурстар бойынша да нәтижелі жұмыстар көрсетуде. Атап айтқанда, партиялық баспасөз орталығы іске қосылды, «Тalqylau» жаңа диалог алаңының да ауқымы кеңейе түсуде. Пікір-сайыс алаңына шақырылып отырған спикерлер саяси шешім қабылдайтын салмақты саясаткерлер, депутаттар және сарапшылар болуы өзекті тақырыптарды талқылауда оң серпін берері сөзсіз.  Сонымен қатар қарапайым азаматтар да тікелей эфирде әлеуметтік желілер арқылы өз сұрақтарын қойып немесе пікір білдіре алуы партияның кері байланыс бойынша жасап отырған ауқымды жұмыстарының бірі.

Жанар Бектаева

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филилалының Атқарушы хатшысы

Tags: 13kz13kz.kz13кзAMANATЖанар БектаеваШымкент
Previous Post

Түркістандық жас сарбаздар ерлік сабағына қатысты

Next Post

О мобильном приложении «e-SalyqBusiness»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі