13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

25 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылғы 24 сәуірде Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында жауын-шашын мен Кентау қаласында қатты жел болып, табиғи апат орын алды.

Құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  және жергілікті атқарушы органдардың 100-ден аса қызметкері жұмылдырылды. Олар 15 бірлік техника, 13 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Табиғи апат салдарынан 50 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала есеппен, 53 үйдің ауласына, 19 үйге, 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кіргені анықталды. Сонымен қатар, 370 бас мал шығыны орын алды.

Орын алған жағдайға байланысты, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Облыстық бюджеттің резервтік қорынан қаржы қаралып, келесідей көмек көрсетілетін болады:

  1. Үй жануарларының шығынына ережеге сәйкес өтемақы төленеді;
  2. Тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріледі;
  3. Ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры қалпына келтіріледі;
  4. Шаруашылық ғимараттарды қалпына келтіруге көмек көрсетіледі.

Қазіргі таңда, комиссия тарапынан орын алған шығындар көлемі есептелуде. Барлық зардап шеккендерге толық көмек көрсетіледі.

Previous Post

Мұрат Әйтенов көтерме базарларды аралады

Next Post

«AMANAT» партиясы байқауға қатысуға шақырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі