13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Желшешек ауа арқылы иммунитеті осал кез-келген балаға жұғуы мүмкін

20 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Желшешек ауа арқылы иммунитеті осал кез-келген балаға жұғуы мүмкін
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері Түркістан облысында  желшешек ауруына  169 адам шалдыққан. Оның 130- ы 14 жасқа дейінгі балаларды құрайды.  Ауа тамшылары арқылы  жұғатын инфекциялы ауру теріде дақты-везикулезді, қызыл бөртпелер пайда болуымен, қышынумен сипатталады. ​​​​

Желшешек ауруына көбінесе  иммунитеті әлсіз, бала-бақша және мектеп жасындағы балалар шалдығады. Аталған дерттің инкубациялық кезеңі 10-21 күнге (жиі 14-17 күн) дейін созылады. Дене қызуының 38-39 градусқа дейін көтерілуімен, әлсіреуімен басталады. ​​​​​​​Бөртпе бет терісінен, бастың шаш бөлігінде, денеде, аяқ, қолдарда 5-7 мм көлемінде қызыл дақтар пайда бола бастайды. 3-5 күн өткеннен кейін бөртпенің  көбеюі бәсеңдеп, температура қалыпқа келеді.

Денесінде желшешек пайда болған бала күнтізбелік 21 күнге карантин белгіленеді. Өзге балалардан оқшаулап,  таза ауада көп тынықтырған абзал. Ең алдымен  баланың иммунитетін нығайтқан маңызды. ​​​​​​

Үй-жайды ағымдық дезинфекциялау және желдету карантин аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Иммунитеті жоғары, денсаулығы қалыпты бала бұл аурумен ауырмауы да мүмкін. Себебі мықты иммунитет кез-келген ауруға қарсы тұра алады. Сондықтан да баланың уақытылы тамақтануына, ас құрамының  витаминдерге бай болуына мән беріңіз!

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Previous Post

Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Next Post

«AMANAT» : Жастарға арналған бағдарламаларға насихатты күшейту керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі