13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Кентауда жастарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті

11 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Кентауда жастарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Кентау қаласы, Ынтымақ алаңында жас сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Оған Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев, қала әкімі Рашид Аюпов,  Түркістан облысы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов қатысып, бұл азаматтар әскердің айбынын асқақтатуға үлес қосатындарына сенім білдірді.

Қарулы күштер қатарына мерзімді қызмет өткеру үшін Түркістан облысынан алғашқы топпен 50 бозбала жіберілді. Жас жауынгерлер әскери мамандықты Гвардейск гарнизонында орналасқан ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің оқу орталығында алатын болады. Айта кету керек, бұл жігіттер 6 ай бойы танк, бронетранспортер немесе жауынгерлік көліктің механик-жүргізушісі, артиллериялық және миномет қаруының нысанашысы сияқты әскери мамандықтар бойынша оқудан өтеді. Оқу аяқталғаннан олар әскери бөлімдерге мамандар ретінде жіберіледі.

Салтанатты жиынға әскери ардагерлер, ата-аналар мен қала жастары да қатысып, сәт-сапар тіледі.  Арнайы концертік бағдарлама көрсетілді.

Айта кетейік, 22 сәуірде Кентау қаласында жастарды отансүйгіштікке баулитын «Айбын» әскери жаттығу ойындарын, 7 мамырда жастардың шеруін өткізу жоспарлануда.  Әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының өзге аумақтарында да жыл бойы ұйымдастырылады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысы
Previous Post

Шымкентте кезекші ХҚО жұмысын қайта бастады

Next Post

Биыл Әл-Фараби ауданында 17 көше жарықтандырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі