13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экология

Шымкентте «ТазаLike» экологиялық шарасы өтті

8 апреля, 2022
in Экология
0
Шымкентте «ТазаLike» экологиялық шарасы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясының жаңа «ТазаLike» партиялық жобасының Шымкент қаласындағы алғашқы шарасы өтті. Аталмыш жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың партияның XXII Съезіндегі қоғамда экомәдениетті қалыптастыру туралы тапсырмасының және «AMANAT» партиясының жаңғыру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып отыр.

Жобаның алғашқы шарасына Шымкен қаласына арнайы жұмыс сапарымен келген Атқарушы хатшы Асхат Оралов, қала әкімі Мұрат Әйтенов, спортшылар мен жайдарманшылар, қаламыздың белсенді жастары мен Jas Otan жастар қанаты қатысты.

«ТазаLike» жобасының басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру, экологиялық проблемаларды тиімді шешу жолдарын қалыптастыру. Осы орайда «AMANAT» партиясы жергілікті атқарушы органдардың, кәсіби экологтардың, белсенділер мен еріктілерді жұмылдырып, жыл бойы түрлі экологиялық акциялар өткізетін болады.

Осындай шаралар арқылы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға деген талпынысын арттырумен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлесімізді қоса аламыз. Қайта өңделетін шикізатты дұрыс сұрыптауды түсіндіру бойынша бейнероликтер дайындап, тұрмыстық қолданбалы қоқыстарды өңдеу мен қайта өңделетін шикізатты бөліп алу сынды күрделі процестерге қоғам назарын аударуға күш саламыз.

Табиғатқа деген жанашырлықты жастардың бойына ерте бастан сіңірген абзал. Ата-бабамыздың аманат еткен ұлан-ғайыр жерін таза ұстау – баршамызға басты міндет!

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзAMANATАманат партиясыШымкентэкологиялық
Previous Post

Қаратау ауданының әкімі тағайындалды

Next Post

Шымкентте кезекші ХҚО жұмысын қайта бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі