13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әл-Фарабиде сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді 

5 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Әл-Фарабиде сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді 
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы  қалада жалпы ұзындығы 189,7 шақырым жол пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде баяндады.

Биыл 182 жобаның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде 20 жобада қайта құру, 3 күрделі жөндеу және 159 көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен бірге,  122,7 шақырым жолға шағал тас төселіп, 178 жаңа аялдама орнатылады.

Ал, Әл-Фараби ауданы бойынша 2021 жылы ауқымды жоба жүзеге асты. Өткен жылдың қорытындысымен Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы айналма жол салынып, пайдалануға берілді.

2022 жылдың жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы атқарылуда.

Одан өзге, биыл аудандағы ішкі орамдық 3 көшеге асфальт төселеді. Олар: Ақжайық ш/а Ақжирен көшесі, Самал-2 ш/а Жабай ата көшесі жәнк Жандосов өткелі.

2023 жылы  Айқап-Түркістан ш/а Беткей көшесі, Ақжайық ш/а Шағатай, Балтамыр, Тоқпан көшелері, Самал-1 ш/а Тайманов, Мейірбеков көшелерін асфальттауға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді.

2024 жылы Ақжайық ш/а  Сәйгүлік, Самғау, Майлыкент, Тайқоңыр көшелері және Самал-2 ш/а Ермекбаев, Шәкіров, Сейітов көшелеріне асфальт төселеді.

Жоғарыда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмысы жүзеге асырылса, аудандағы сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

М. Әйтенов Әл-Фараби ауданының даму бағытын баяндады

Next Post

Биыл Әл-Фараби ауданында 17 көше жарықтандырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі