13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті

30 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті. Отырысқа қала әкімі М.Әйтенов, шақырылымдағы депутаттар, аумақтық департамент және жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты. Кезекті сессияның модераторы мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов болды.

Жиында күн тәртібіне сәйкес 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті нақтыланды. Сонымен бірге, басқарма басшылары өткен жылғы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларды таныстырды.

Қала әкімі соңғы жылдары мегаполистің инвестициялық қабілеттілігі артқанын айтып, одан ары жандандыру үшін инженерлік инфрақұрылыммен қамту аса маңызды екенін алға тартты.

—              Қаланың 2022 жылға арналған бюджеті  нақтыланып бюджет сомасы 488,4 млрд. теңгеге жетті, яғни бюджет 19,4 млрд. теңгеге ұлғайды. Қосымша қаралған қаржылар негізінен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге камераларды орнатуға, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің қару жарағына, инфрақұрылым және ирригациялық жүйелердің құрылысына және қалпына келтіруге бағытталып отыр. Қала бюджетінің кіріс көзін ұлғайтуға ықпал ететін жер учаскелерінің базалық ставкаларын белгілеу, бағалау төлемақысының коэффициенттерін бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету шешімдері қабылданды.  Бірқатар кеңестің құрамы өзгертілді. Мұның барлығы қаланың дамуына және қауіпсіздігіне елеулі үлес қосады деп есептеймін. Депутаттар корпусымен бірлесіп қаламыздың өркендеу бағытында нәтижелі жұмыс атқарамыз деген сенімдемін, — деп сөзін қорытындылады.

Тікелей эфир көрсетілімі болған сессияда баяндамашыларға сұрақтар қойылды, бірқатар маңызды ұсыныстар айтылды, шешімдер қабылданды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттегі 33 мешітте тарауих намазы оқылады

Next Post

Қала экономикасына тартылған инвестиция 61 пайызға артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі